Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің» № 16 бөбекжайы «КМҚК-да»педагогтың құқықтық компасы» атты  викторина өтті.  Викторина балалардың құқықтары, тәрбиешілердің міндеттері және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ, кәсіби жауапкершілік және педагогикалық этика мәселелері қаралды. Интерактивті түрде қатысушылар «Анаграмма» тапсырмасын орындап, педагогикалық жағдайларды талдады.  Өткізілген іс-шара педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіби құзыреттілігін нығайтуға ықпал етті.