Консультационный пункт
«Балабақша — жаңа кезең: жеңіл бейімделу құпиялары»
Оқу жылының басталуы – ата-аналарда көптеген сұрақтар туындайтын кезең: бала жаңа жағдайға қалай бейімделуде? Оның дамуы жас ерекшелігіне сай келе ме? Сөйлеу, зейін және ойлау қабілеттерін қалай дамытуға болады? Мінез-құлыққа немесе әлеуметтік қарым-қатынасқа қатысты қиындықтарды қалай шешу керек?
Консультациялық орталықтың мамандары ата-аналарға осы мәселелерді шешуге көмектесуге және баланың жеке қажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстар беруге дайын. Есіңізде болсын: баланың қиындықтарын дер кезінде шешу оның әрі қарай дамуы мен оқудағы жетістіктері үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.




