Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында балабақшада «Мемлекеттік қызмет – болашақтың бейнесі» тақырыбында балалардың шығармашылық онлайн-сурет байқауы өтті

Байқау балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мемлекеттік қызметке деген құрметті қалыптастыруға және оның қоғам өміріндегі маңызды рөлін түсінуге бағытталды.

Тәрбиеленушілер мемлекеттік қызметтің болашағын өз көзқарастарымен бейнелеп, оны заманауи, ашық, технологиялық және азаматтардың игілігіне қызмет ететін сала ретінде көрсетті. Жас суретшілер өз идеялары мен ел болашағына деген армандарын қағаз бетіне түсіріп, жаңа буын мемлекеттік қызметшісінің қандай болуы керектігін көрсетті.