Біздің балабақшамыз ба өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер, қызметкерлер мен ата-аналар үшін өрттің алдын алу және кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмау бойынша түсіндіру іс-шаралары, сондай-ақ жоспарлы оқу-жаттығу эвакуациялары өткізілді.
Бұл іс-шаралардың мақсаты — төтенше жағдайлар туындаған кезде тәрбиеленушілер мен персоналдың жедел әрі сауатты әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және бекіту болды. Ерекше назар балаларды өрт қаупі жағдайындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстыруға, танымдық қызмет процесінде аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ өрт апатынан қорқуды жеңу үшін психологиялық қолдау көрсетуге бөлінді.




