«№16 бөбекжайда» өрт қауіпсіздігі бойынша эвакуациялық жаттығуларөткізілді.

Іс-шара сауатты іс-қимыл дағдыларын, сондай-ақ өрт туындаған
кезде балалар мен қызметкерлердің дұрыс мінез-құлқын бекіту мақсатында
өткізіледі. Ұйымдастырылған іс-шара барысында балалар өрттердің туындау
қаупі туралы көркем шығармалармен танысты, мультфильмдерді, сондай-ақ
танымдық сипаттағы роликтерді көру ұйымдастырылды. Өйткені балаларға
өрт сияқты өмірге қауіпті құбылыс туралы түсінік беру өте маңызды. Өрт
туындаған кезде қауіпсіз мінез-құлық қағидаларымен таныстыру. Ұйымның
педагогтары мен қызметкерлеріне ТЖ туындаған кезде қызметкерлер мен
тәрбиеленушілердің іс-қимылдары бойынша нұсқаулықтар, балабақша
ғимаратында төтенше жағдай туындаған (туындау қаупі) кезде педагогтың ісқимылдарының алгоритмі берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.