25 қарашадан бастап әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою
үшін халықаралық күрес күнінде Қостанай облысы әкімдігі білім
басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 бөбекжайы»
КМҚК-да «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн»
акциясы басталды. Акция 16 күн ішінде өтеді — 25 қарашадан бастап
(әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес
күні) 10 желтоқсанға дейін (Халықаралық Адам құқықтары күні). Бұл
акция қоғам назарын әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық
мәселесіне, сондай-ақ олар күнделікті кездесетін адам құқықтарының
бұзылуына аударуға бағытталған. Білім беру ұйымдарында
хабардарлықты арттыруға, әйелдердің құқықтарын қорғауға
жәрдемдесуге және осы мәселе бойынша талқылау мен шешім қабылдау
үшін мүмкіндіктер жасауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Акция аясында:
1.Ұжым мен ата-аналарға буклеттер мен ақпараттық парақтарды
тарату арқылы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық
мәселелері бойынша ақпараттық және ағартушылық қызмет.
- «Біз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсымыз» дөңгелек үстелі.
- «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз әлем» суреттер көрмесі







Leave a Reply