Жаңалықтар
Республика Күніне арналған мерекелік іс-шар
Ересек тобында Республика Күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараның мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың бойында азаматтық пен патриотизм негіздерін қалыптастыру, туған жеріне деген мақтаныш сезімін ояту, халықтық дәстүрлерді құрметтеу. Мереке кезінде балалардың орындаған өлеңдері, әндері, ойындары мен билері эмоционалдық салаға әсер етеді, мектеп жасына дейінгі балалардың бойында достық, сезімталдық, өзара көмек, ел өміріне қатыстылық сезімі сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал етеді.