" ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ "

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№ 16 БӨБЕК- ЖАЙЫ» КМҚК

РУС
ҚАЗ

28-64-67

Мекен – жайымыз
Қостанай қ., Садовая к-сі, 102

7:00-19:00

Жұмыс уақыты Дүйсенбі - Жұма
Сенбі - жексенбі - демалыс күндері

Жаңалықтар

" ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ "

" ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ "

Оқу- тәрбие  жұмысын жан-жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі-бала тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы  ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін,өнерін кеңінен қолдану .          
Ұлтымыздың мақтанышы болған ,ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов ‘‘Ел боламын десең, бесігіңді түзе’’деген  екен.Өз халқының мәдениетін ,тарихын , өнерін сүйіп , одан нәр алып өскен бала өзіне ғана емес ,өзгегеде құрметпен қарайды. Сондықтан саналы ,салауатты ,халқымыздың барлық дәстүріне ,әлем мәдениетіне қанық,ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу әр отбасына одан кейін балабақша тәрбиешісіне жүктелетін міндет болып табылады.Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші -  тәрбиеші. Осыны ескере отырып ересек "Алмалар" тобында да түрлі іс-шаралар, ҰОҚ, ұлттық ойындар ойнатылып, балалардың ұлттық тәрбие алуына жағдай жасалынған.