"Ас атасы - нан"

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№ 16 БӨБЕК- ЖАЙЫ» КМҚК

РУС
ҚАЗ

28-64-67

Мекен – жайымыз
Қостанай қ., Садовая к-сі, 102

7:00-19:00

Жұмыс уақыты Дүйсенбі - Жұма
Сенбі - жексенбі - демалыс күндері

Жаңалықтар

"Ас атасы - нан"

Іс-шараның қатысушылары: «Қарлығаш»тобының тәрбиеленушілері.
Неліктен біз «Ас атасы – нан» деп айтамыз?
Қазақта «Ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни, астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып, танымай тұрып-ақ, оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез-келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен, сол тамақтан жалығады. Бірақ, адам баласы наннан өмір бойы шықпайды. Нан -  сән салтанаттың асыл діңгегі.
        Балабақшада біз балалардың бойларына нанды сыйлау,құрметтеу сынды қасиеттерды дарытуымыз  қажет.Балалар губка сияқты барлығын сіңіріп алады,сол себепті кішкентай кездерінен дұрыс тәрбиелеуге тиіспіз.Мен балаларға нанның оңайлықпен келмейтінін,ол үшін бірнеше адамдар жұмыс жасайтынын , яғни ең алдымен жерді жыртып,оған бидай егетінін,оны күтіп баптап,комбайнмен жинап,диірменге апарып,илеп ұн жасап,содан кейін қамыр жасап оны формаға келтіріп,нан пісіретінінтүсіндірдім,сонымен қатар нанның суретін салу арқылы қорытындыладым.