Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер Кунін атап шықты.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «№ 16 БӨБЕК- ЖАЙЫ» КМҚК

РУС
ҚАЗ

28-64-67

Мекен – жайымыз
Қостанай қ., Садовая к-сі, 102

7:00-19:00

Жұмыс уақыты Дүйсенбі - Жұма
Сенбі - жексенбі - демалыс күндері

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер Кунін атап шықты.

Біздің Мемлекет 2021 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер Кунін атап шықты.
«№16 бөбекжай – бақшада » бұл күнге арналған мерекелік іс –шара өткізілді. Балалар Әнұран айтып, сурет салды. Қазақстан Республикасының Рәміздер туралы  әңгіме өткізілді.
«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі,
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын , ұлттық салт – санасын , қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман – тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып , қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр,
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Солардың бірі - Мемлекеттік Рәміздер,
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Нұр – Сұлтанмен айшықталған ортасы,
Бүгін бізде таңдай қағар күллі әлем,
 Бүның бәрі Елбасының арқасы
Мемлекеттік Туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс – Қазақстан халқының бірлік , ынтымақ жолына адалдығын білдіреді,
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс -  бар нәрсенің бастауындай , билік, айбындылық бейнесі.
Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген . Күн, қыран, ою - өрнек алтын түсті.
Рәміздік тұрғыдан мемлекеттік елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп – негізі- отбасының бейнесі. Шаңырақ – күн шеңбері. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың , отбасының бейнесі.
Тұлпар – дала дүлдүлі, ер азаматтың сәйгүлігі , желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің , қажымас қайраттың , мұқалмас қажырдың , тәуелсіздікке , бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі.
Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның , самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың , асыл мұраттың жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді.
Ол өлмес өмңрдің бейнесі.  Бір шанырақтың астында тату – тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп – өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет бейнесін паш етеді, Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті . Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
Әнұранның сөзін Қазақстан Республикасының әр азаматы жатқа білуі тиіс.
Біз, Қазақстан тұрғындары және біздің мемлекетіміз – даму үшін, барлық күшімізді салып,  - өзіміз жеңіп  - дамыған , тәуелсізді, қуатты ,  экономикалық және саяси мемлекетіміздің азаматтары боламыз ,
Біз сенеміз –болашақта Қазақстан ұлы және кең байтақ елімізге айналады,
 Біздің міндетіміз – патриот болу. Отанымызды қорғау, мемлекетімізге жұмыс жасау және оқу. Қазақстан  - Біздің Үй, Біздің Отанымыз !